Шығысқазақстандық кеденшілер қазақ-қытай шекарасынан заңсыз жолмен ірі көлемде ақша алып өту фактісін анықтады. Контрабандалық валюта Майқапшағай кеден бекетінде Қытай Халық Республикасы азаматының қол жүгін тексеру барысында табылды. Ол 60 000 АҚШ долларын шекарадан жасырын түрде алып өтпек болған.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ақшаның сапасын тексеру үшін арнайы сараптама тағайындалды. Экономикалық контрабанда белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.
Берік КӨШЕРБАЕВ