Алматыда «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі өтті

07.02.2014
Алматыда «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі өтті
Алматы облысы Іле ауданында биыл 5 жаңа мектеп салынып, мыңға жуық тұрғын қайта даярлау курстарынан өткізіледі. Ал аудандағы бір жарым мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат, жақын арада жергілікті 38 мекемеге жұмысқа тартылады.
 
Бұл жөнінде Байсерке ауылында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының кеңейтілген саяси кеңесінде айтылды. Алқалы жиынға партия мүшелері мен жергілікті мәслихат депутаттары, әлеуметтік сала қызметкерлері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.
 
Мәжіліс барысында жиналғандар биылғы Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды ортаға салып, аймақтағы нұротандықтардың алдағы мақсаттарын тілге тиек етті.
 
Нұрлан Құматаев, Іле аудандық Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
Қайта даярлау, қайта оқыту мәселелері бар. Қоғамдық жұмыстарға жібереміз, қайта даярлауға жібереміз. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша мүгедектердің 168-і жұмыс істеп жатыр.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу