Қызылордада пара берген экс-депутатқа қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада пара берген экс-депутатқа қатысты сот үкімі шықты

13.02.2014
Қызылордада пара берген экс-депутатқа қатысты сот үкімі шықты
  Қызылордада Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты, «Ақмешіт-Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.Қалмахановқа  қатысты сот үкім шығарды.
 
Естеріңізде болса, былтыр қыркүйек айында экс-депутат Қаржы полициясына пара берді деген күдікпен құрықталған болатын. Осыған орай қозғалған қылмыстық іс бойынша сот-сараптама қорытындысымен күдікті кінәлі деп табылды.  
 
Нұржан Сәрсенбаев, облыстық   Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы:
Бүгінгі таңда барлық дәйектер дәлелденіп, сотқа жолданып, сотта қаралып, шешімшықты. Сот үкімімен Қалмаханов ҚР Қылмыстық Кодексінің 312- бабы 4-бөлігінің б-тармағымен айыпты деп танылып, оған қатысты 5 мың АЕК мөлшерінде - 9 миллион 260 мың теңге айыппұл салынады.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу