Орал қаласында облыстық спорт басқармасының басшысы Мүслім Оңдағанов пен оның бір топ сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Оларға ұйымдасқан топ құрып, ірі көлемде қазына қаржысын жымқырды деген айып тағылған.
Қолды болған қаражаттың жалпы сомасы - 123 миллион теңге. Тергеу мен сот процесі бір жылға жуық жүріп, белгіленген 400 куәгердің үштен бірінен жауап алынды.
Мүслім Оңдағановпен қатар, спорт басқармасының бөлім басшысы Тұрарбек Бекарыстанов, екі спорт мектебінің директоры Меңдіхан Жәкенов пен Қоныс Жетпісов сот үкіміне сай жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
Ақгүл Қарасаева, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы:
Оңдағановқа 12 жыл, Жәкеновке 11 жыл, Жетпісов пен Бекарыстановқа 8 жыл мерзімге бас бостандығанан айыру жазасы тағайындалды. Барлығының мүлкі тәркіленіп, сонымен қатар жазасын өтеп шыққанынан кейін мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасау құқынан 5 жылдан 3 жылға дейін айрылады.
Рауан ДИӘЛИ
|