Астанада лауазымын асыра пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды. Ол - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Серік Әшімбаев. Бұл туралы еліміздің Әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дереккөзінің хабарлауынша, Әшімбаев 14-ақпан күні қамауға алынған. Оған тұрғынүй сатып алуға бөлінген 300 миллион теңге көлеміндегі қазына қаржысын жымқырды, деген айып тағылып отыр. Қазір аталған істі Бас Әскери прокуратура тергеуде.
|