Елімізде ауыл шаруашылығына арналған жердің 15 пайызы тиімсіз қолданылуда. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиында мәлім болды.
Шамамен 125 миллион гектар жайылым ылғалдандырылмаған және пайдаланылмайды. Ал елді мекендер жанындағы 20 миллион гектар жер ұтымсыз пайдаланылып, нәтижесінде тозған.
Енді егістіктерде құнарлылық деңгейінің төмендеуі анықталса, сот органдары арқылы жер телімдерін қайтарып алу мәселесі қарастырылмақ.
Индира БЕГАЙДАР
|