Тілін білмеген түбін білмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тілін білмеген түбін білмейді

22.02.2014
Тілін білмеген түбін білмейді
 
Кеше әлемде Халықаралық Ана тілі күні аталып өтті. Осыған орай Астанада «Мәңгілік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқандар қазақ тілінің деңгейі, оның қоғамдағы рөлі туралы пікірлерін ортаға салды.
 
Отырыста қазақ тілінің ақсап жатқан тұстары: стилистика, фонетика, лексика, терминология мәселелері сөз болды. Тіл тазалығын, тіл мәдениетін сақтап қалу үшін мемлекеттік тілді оқытуды күшейтіп, жастарды смартфон, қалта телефоны арқылы үйретіп, қызықтыру қажет.
 
Шараға қатысушылар ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, мерейін асыруға бір адамдай жұмылып, күш салу керек, деген ортақ байламға келді.
 
Ербол Тілешов, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:
304 мың қазақтың баласы орыс мектебінде оқиды. Бұл орыс мектебінің - 30,1 пайызы. Бұл үлкен нәрсе. Қазақ мектебіне неге басқалары мойын бұрмай жатыр. Оның себебі басқалардың қарсылығы деп ойламаймын. Біз бүгінгі тілмен айтсақ, қазақ тілінің сәнге айналуын, қазақ тілді танымал бейне жасай алмай отырмыз. Ағылшын тілін неге ақы төлеп оқиды, қазақ тілін неге тегін оқымайды?
 
Ләззат БЕКТАС
 
 
 

Хабарламаларға жазылу