Өңірлерде депутаттар жұмысы жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде депутаттар жұмысы жанданады

25.02.2014
Өңірлерде депутаттар жұмысы жанданады
 
«Нұр Отан» партиясы аймақтардағы депутаттық фракция жұмысын жандандыратын болады. Бүгін партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Павлодарға барып, облыстардағы барлық деңгейдегі депутаттармен арнайы кеңес өткізді.
 
Алғаш рет «Нұр Отанға» мүше халық қалаулылары бейнеконференциялық байланыс арқылы фракцияның мәслихаттардағы жаңаша жұмыс істеу форматын талқылады.
 
«Нұр Отан» партиясының ерекшелігі нақты істерді атқара алады. Осы бағыттан таймау үшін өңірлердегі депутаттық фракция жұмысын жандандыра түсу керек. Сонда партияның сайлауалды тұғырнамасындағы жоспар орындалып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бақылау күшейеді. Қазірдің өзінде мәслихаттарда сарапшы топтар құрылды.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы «Нұр Отан» партиясы жергілікті жерлердегі жұмысын күшейтуді атап өткен болатын. Партияның фракциялары, депутаттары арқылы біз партияның сайлауалды тұғырнамасын күшейтуге тиіспіз.Біздің дептутаттарымыз халықпен бірлесіп, олардың мәселелелерін біліп, оны мемлекеттік органдармен бірге шешу қажет.
 
Бүгін партияның облыстық филиалының кезектен тыс 14-ші конференциясы өтті. Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына төраға болып сайланды. Ал, саяси кеңес құрамы жастармен толықты.
 
Сондай-ақ, Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкеге 50-ден аса кәсіпорын қатысып, 500-ден аса жұмыс орны ұсынды.
 
Болат Мұхамбетов, І топтағы мүгедек:
Менің жағдайымда тапсырысты қабылдап, оны үйде отырып жасаған қолайлы ғой. Бірақ сол жұмыс табыла қойса, шіркін!
 
Павлодарда өткізілген жәрмеңкеде 400-ден аса мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмысқа тұруға өтініш жазды. Бауыржан Байбек жұмыс беруші кәсіпкерлермен кездесті.
 
Жұмабек Қамзин, «Қазақстан электролизі» АҚ-ы басшысының орынбасар:
Мүгедек азаматтарды жұмысқа тартуға біздің мүмкіншілігіміз бар. Солардың арасында нақты мамандар болатын болса, оларды жеке қарауға болады.
 
Павлодардағы «Самал» орталығын бүкіл Қазақстан біледі. Мұнда буынын ұстай алмайтын балаларды ғарышкерлерге арналған киім технологиясы арқылы сауықтырудың әдісі өмірге келген болатын.
 
Сөйтіп еліміздің рекордтар кітабына енді. Мұнда 4,5 мың бала ем қабылдаған. Олардың кейбірі қазір осы орталықта тұрақты жұмыс істейді. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға деген нақты қамқорлықтың белгісі.
 
 
Болат АМАНБАЕВ
             
 

Хабарламаларға жазылу