Су тасқынынан келген шығын толық өтеледі – Қ.Көшербаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынынан келген шығын толық өтеледі – Қ.Көшербаев

26.02.2014
Су тасқынынан келген шығын толық өтеледі – Қ.Көшербаев
 
Жаңақорғанда қар еріп, елді мекенді су басқанын алдыңғы хабарларымызда айтқан болатынбыз. Соның салдарынан 30 шақты үй апатты жағдайда деп танылған. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылып, тасқыннан келген шығын көлемі есептелуде. Әзірге белгілісі, екі үй толықтай жөндеуді қажет етеді.
 
Ақерке Берікбекқызы, тілші:
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорғанда тұрғындармен кездесіп, көшпелі селекторлық мәжіліс өткізді. Жиында болған жағдай жан-жақты сараланып, талқыланды. Мамандар әлі де тау басындағы мұздан келетін қауіп бар екенін айтады. Облыс әкімі сақтық шараларын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, әкім апаттан келген шығындар толық өтелетінін жеткізді. Ал синоптик мамандардың айтуынша, наурызда ауа райы +15,+20 градусқа дейін жылынады. Қазіргі уақытта термометр көрсеткіші -5-ті көрсетіп тұр.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу