Қазақстандағы Беларусь Республикасының Елшісі - Анатолий Ничкасов Еуразия Ұлттық университетінде білім алып жатқан Беларусь елінің студенттерімен кездесті.
Жиын барысында «Қазақстан жолы-2050» Стратегиясы, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы сөз қозғалып, халықтар достығы туралы айтылды. Сондай-ақ, кездесуде екі ел арасындағы тарихи, мәдени байланыс жайы да сөз болды.
Анатолий Ничкасов, Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі:
Қазақстан күннен-күнге қарқынды дамып келе жатыр. Біз оған таңырқай қараймыз. Қазақ елі Орталық Азия мемлекеттері арасында да, посткеңестік елдер арасында да көш бастап тұр. Біз әрқашан екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш саламыз.
Ләззат БЕКТАС