Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 19 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 19 жыл

28.02.2014
Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 19 жыл
Осыдан 19 жыл бұрын Елбасы Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлық қабылдаған еді. Бүгін осы айтулы күнге орай Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты жиын болып өтті.
 
Сөз алғандар 19 жылдың ішінде Ассамблея дамудың үш кезеңінен өткенін мақтанышпен жеткізді. Әуелгі кезең - қоғамдық ұйым ретінде орнығу кезеңі болса, одан кейінгі жылдар - құрылымның құқықтық негіздерінің түзілген уағы.  Үшінші, басты кезеңде Ассамблея конституциялық орган мәртебесіне ие болды, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің тұғырлы институтына айналды.
 
Ассамблеяның ендігі міндеті - «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру үшін, жұртшылықты жұмылдыру.
 
Ералы Тоғжанов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Қазақстан Халқы Ассамблеясының алдында осы идеяны іске асыру міндеті тұр. «Мәңгілік ел»  болу үшін, алдымен,  Отанымыздың тәуелсіздігін өркендету қажет.  Екіншіден, ортақ құндылықтарымызды сақтай отырып, еркін және өркендеген елде өмір сүру үшін еңбектену қажет. Үшіншіден, жарасымды бірлігіміз арқылы қасиетті қазақ жерінде парасатты қоғам құру.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу