Бүгін Сарыарқа аудандық сотында осы мәселеге қатысты сот отырысы басталды. Тұрғындардың айтуынша, 2011 жылдан бері электр энергиясына ақша жинап келген «Астана жолы» мекемесі аяқ астынан банкрот, деп жариялаған.
Тұрғындар анықтай келе, аталған компанияның «Астанаэнергосбыт» мекемесіне 92 миллион теңге қарыз екенін біледі. Сондай-ақ, «Астана жолы» компаниясының басшылары олардың кейбірінен кепілдік сомасын да жинап алған екен.
Келісімшарт бұзылған соң қайтарылуы тиіс бұл сома да олардың қолына әлі тимепті. Сот істің мән-жайымен танысып шықты. Бірақ, нақты шешім шығарған жоқ. Келесі сот отырысы алдағы аптаға қалдырылды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ