Астанада Жастар мәслихатының сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Жастар мәслихатының сайлауы өтті

28.02.2014
Астанада Жастар мәслихатының сайлауы өтті
 
Астанада жастар мәслихатының сайлауы өтті. Саяси науқанды «Нұр Отан»  партиясы қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Оған барлығы 307 үміткер қатысып, бағын сынады.
 
Олар  қоғам өміріне  белсене араласып жүрген жоғары оқу орны мен кәсіптік  мамандандырылған колледж студенттері. Жас саясаткерлер саяси науқанды жүргізуде барынша белсенділік танытқан. Әр үміткер өзіне тиісті бағдарламасын даярлап, 1 ай бойы үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізді.
 
Ал, қалаған үміткеріне дауыс беремін деушілерге елорданың барлық жоғары және орта білімді оқу орындарында сайлау учаскелері ашылды.
 
Сапар Ахметов, «Нұр Отан» партиясы  Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Сайлаудың нәтижесінде Астана  қалалық мәслихатына 100 депутат таңдап аламыз. Келешекте ол депутаттар біздің қалалық басқару мәселелеріне,  мәслихаттың жұмысына қатысатын болады.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу