Биыл 5 мың мүгедек жан жұмысқа орналасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 5 мың мүгедек жан жұмысқа орналасады

01.03.2014
Биыл 5 мың мүгедек жан жұмысқа орналасады

Биыл 5 мың мүгедек жан жұмысқа орналасады. Шара «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз болашақ» жобасы арқылы жүзеге аспақ. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесіне арналған селекторлық кеңесте айтты.

 
«Кедергісіз болашақ» жобасы Елбасы жолдауынан кейін туындаған игі істердің бірі. Алғашқы айда-ақ 1300 кембағал жанға жұмыс табылды. Тараз бен Павлодар қаласында өткен бос орындар жәрмеңкесінде 600 мүкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылған. Өздеріне көрсетілген ерекше қамқорлықты сезінген кемтар жандардың өмірге деген құлшынысы артқан. Билік партиясы тағы бір үлкен проблеманы шешуді өз қолына алды. Еліміздегі әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының 83 пайызы мүгедектерге ыңғайсыз. Бас партия сол нысандарды бейімдеу жұмыстарына кірісіп кетті. Осы нәтижелі істердің барлығы 15 жылғы еңбектің жемісі, дейді Бауыржан Байбек.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Бүгін «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Елбасы «Нұр Отан» партиясының осы айтулы мерекесімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осындай тарихи оқиғамен баршаңызды құттықтады. «Нұр Отан» қазір халықпен бірге, осы 15 жыл ішінде  сындардан, қиыншылықтардан өтіп, Қазақстанда үлкен саяси күшке ие партияға айналды.

Хабарламаларға жазылу