Ақтөбеде көше қарын тасып жүрген арнайы көлік 2 оқушыны қағып кетті. Қазір оқиғаға қатысы бар коммуналдық мекеме анықталуда. 12 жастағы Нұрлан 6 жастағы жиен қарындасын ертіп мектепке шығады.
Жолдан өтпек болған балаларды «КамАЗ» көлігі қаққан. Жүргізуші дереу жедел жәрдем шақыртқан. Нұрланның сол аяғы сынып, сүйегі шытынаған. Дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ал, кішкентай Гүлдина - облыстық балалар ауруханасында. Бас жарақатын алған. Бүлдіршіннің миы шайқалған.
Самат Көкшебаев, балалар нейрохирург:
Толық ем және диагностикалық компьютерлі томография, рентгенофрия жасалды. Консерватитвтік ем тағайындалды. Өміріне қауіпті көрсеткіштер жоқ. Қазір ем қабылдап жатыр.
Әлия ТАЛАСОВА