Қыз-келіншектерге пәтер кілттері тарту етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыз-келіншектерге пәтер кілттері тарту етілді

05.03.2014
Қыз-келіншектерге пәтер кілттері тарту етілді
Бүгін Алматы қаласының әкімдігі кезекте тұрған 100 қыз-келіншекке пәтер кілттерін табыс етті. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекте тұрып, баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім мен жесір бар.
 
 Әйелдер күні қарсаңында қуанышқа кенелгендердің ішінде бауырларымен бірге жастай жетімдіктің кермек дәмін татқан Ақбота Кенжетайқызы да бар.
 
Ол - қаладағы интернет дүкенінде жұмыс істеп, өзінің ғана жанын бақпай, інісі мен сіңілісін оқытып жүрген батыл қыз. Биыл университетті тәмамдайды.
 
Ақбота Төлегенова, Алматы қаласының тұрғыны:
 
Мен 12 жасымнан жұмыс істеп келе жатырмын. Колледжге түсіп, оқуымның ақшасын төледім. Алланың қалағаны болар, аз ғана еңбекақы болса да, бәріне жетіп тұрды. Менің сіңілім, інім бар. Мен кәмелеттік жасқа толғанмын, ал екеуі кішкентай. Енді арманымызға жеттік, үлкен үйде тұрамыз.
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу