Павлодарда трамвай өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда трамвай өртенді

06.03.2014
Павлодарда трамвай өртенді

Павлодар қаласының орталық көшелерінің бірінің қиылысында трамвай өртенді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жолаушылар көлігі таңғы сағат алтыдан бастап тасымал желісіне шыққан.

 
Бірнеше айналымнан кейін жолаушылар күйік иісінің шыға бастағанын аңғарады. Іле жүргізуші отырған кабина іші лаулап жана бастайды. Сол кезде көліктің есіктері ашылып, жолаушылар сыртқа шығып үлгерген.
 
Ал, трамвай жүргізушісі түтінге тұншығып, кабинадан шыға алмай қалады. Қол аяғы күйген оны жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. 
 
Антонино Рыбалка, трамвай басқармасының қозғалыс қызметі бөлімінің басшысы:
Жүргізушіге рахмет, жолаушыларды аман сақтап қалды. Ауруханаға барып сөйлестім, денесі біраз күйген. Дәрігерлер еш қорқыныш жоқ деп отыр. Өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған. Трамвай аса ескі емес. Нақты себебін енді тергеушілер анықтап беретін болады.
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу