«Аймақтың бетке ұстар бұл аналары отбасы мен жұмысты қатар алып жүріп, ел үшін тер төкті. Сондықтан, оларға қандай құрмет көрсетілсе де лайықты», деп атап өткен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев олардың әрқайсысына сый-сыяпат жасады.
Ал осыдан бірнеше күн бұрын үшем туылған екі отбасына автокөліктің кілтін табыс етті.
Сәбит Мелденов, үшемнің әкесі:
Бұл - жалғыз менің ғана емес, бүкіл Сыр елінің қуанышы. Осындай қуаныш әр отбасында бола берсін. Облыс әкімі шақырып, құттықтап жатыр. Рахмет айтамын.
Жаңабек Қалиев, үшемнің әкесі:
Келіншегім бала күтімімен үйде отыр. Өзім келіп отырған жайым бар. Қазақстан халқының санын көбейте береміз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ