Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан дария арнасына секундына 1000 текше метр су жіберілуде. Оның 500-і Көксарай контрреттегішіне құйылып, қалғаны Сыр өзенімен төмен ағады.
Бүгінде сең көбесі сөгілді. Алайда облыстың солтүстік аудандарында мұз қалыңдығы 40 сантиметрді құрайды. Облыста 26 қауіпті аймақ бар. Соның 8-і қала тұсында. Осы орайда аймақ басшылығы өзен жағалауын қойтастармен бекіту үшін қаржы қажеттігін айтты.
Дәл мұндай таспен дарияның 7 жарым шақырымы көмкерілген. Енді 58 шақырымды ірі тастармен бекіту үшін 2 миллиард 40 миллион теңге қаржы керек.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ