Жаңа электронды портал іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа электронды портал іске қосылады

11.03.2014
Жаңа электронды портал іске қосылады
Мемлекеттік тапсырыспен салынатын құрылыс нысандарының жобалау-сметалық құжаттарын сараптамадан өткізу жаңа жүйе бойынша жүзеге асырылады.
 
Бірінші сәуірде іске қосылатын электронды портал мемлекеттік сараптама қызметінің ашықтығын көрсетеді. Бүгін сарапшылар мен жобалаушы, тапсырыс берушілер бас қосып, жаңа порталдың мүмкіншіліктеріне тоқталды.
 
Тиімділігі: біріншіден, бұрынғы қағазбастылық азаяды, екіншіден, жоба ұсынып отырған тапсырыс беруші құрылыс сызбасының сараптамадан қалай өткізіліп жатқанын тікелей қадағалап отырады. Үшіншіден, жобалаушы мен мемлекеттік орган арасындағы байланыс нығайып, жұмыс күші артады.
 
Бұл бастама елдегі құрылыс саласының халықаралық талапқа сай дамып, сапалы тұрғын үйлердің бой көтеруіне оңтайлы ықпал етпек.
 
Шымыр Қарманов, «Мемлекеттік сараптама» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры:
Елбасының тапсырмасына байланысты біздерге осындай жоба қойылып отыр. Сол себепті бүгінгі семинар тапсырыс берушілер мен жобалаушыларды алдын ала таныстыру. Қаралу уақытын азайту, том-томдап үлкен жобаларды қолмен тасығаннан электронды жүйе тезірек болады және берілген ескертулерге байланысты оның қайтадан жауабын алу сияқты жалпы көп жұмыстарды жеңілдетеді.
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу