«Берекелі Наурыз» концерттік бағдарламасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Берекелі Наурыз» концерттік бағдарламасы өтті

13.03.2014
«Берекелі Наурыз» концерттік бағдарламасы өтті
«Берекелі Наурыз». Осындай атаумен, Астанадағы оқушылар сарайының ұжымы мен оқушылары елордалық бүлдіршіндер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
 
Онда шағын театрландырылған көрініс қойылып, әуезді әндер шырқалды. Сондай-ақ, салт-дәстүрге байланысты көрермендерге викториналық сұрақтар қойылды.
 
Айта кетейік, Әз Наурызға арналған концерттік бағдарлама наурыздың 15-не дейін жалғасады.
 
Нариман Иманғали, қоюшы-режиссер:
Бүгінгі мейрамның мақсаты - балаларға қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу. Қазақтың ұмытылып кеткен ойындарын көрерменнің назарына ұсына отырып, оларды жандандыру.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу