Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрағасының орынбасары болған Мәулен Өтеғұлов «Әйгерім» тұрғын үй кешеніндегі пәтеріне қатысты сотта ұтылды.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешмет хабарлады. Үкімге сәйкес, жақын арада Өтеғұлов пәтерді толығымен босатуы шарт.
Алайда, шешіммен келіспеген ол аппеляциялық шағым түсірмек. Естеріңізде болса, өткен жылдың маусым айында депутаттар Үкімет басшысы мен Бас прокуратураның атына сауал жолдап, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жетекшілеріне қатысты тергеу жүргізуді сұраған.
Себебі, қаржы институтында жемқорлық болып, мемлекеттік «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен банк басшылығы да баспаналы болған. Бұл заңсыздық расталғанымен, банктің кейбір жетекшілері пәтерлерін қайтарудан бас тартып, сотқа жүгінген болатын.
Әйгерім МУСИНА