Бұдан былай, елді мекендердің атауын өзгерту үшін жергілікті халықтың пікірі ескеріледі. Ономастикалық жұмыстарды жүргізудің тәртібіне жаңа талап енгізілді.
Бұл туралы Астанада өткен республикалық семинарда айтылды. Соңғы жылдары елімізде жер-су, нысандар мен көшелердің атауын жаңалау науқанға айналып, олқылықтар орын алған еді. Соған байланысты мораторий де жарияланғаны белгілі.
Енді, аймақтардағы онамастикалық комиссия жаңа қағида бойынша жұмыс істейді. Дегенмен, бұл мәселеде онамастикалық комиссия мүшелерінің пікірі әрқилы.
Серік Сәлімов, ҚР Мәдениет министрлігі Нормативтік- лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы:
Бізде туған-туысының атын беру тегіс етек жайды. Соны болдырмас үшін халықтың пікірін ескеру қажет.
Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Бірақ кейде ескеру де керек, кейде ескермеу де керек. Мемлекет көзқарасы тұрғысынан қарауымыз керек. Егер сол жерде басқа ұлт өкілдері тұрса, олардың миына құю керек бізбен де есептесіңдер деп.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ