Тұтынушы құқығы тапталмауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушы құқығы тапталмауы тиіс

15.03.2014
Тұтынушы құқығы тапталмауы тиіс
Сатылымдағы бензиннің сапасыздығынан елімізде жыл сайын 100 мың автокөлік істен шығады. Бұл Ұлттық тұтынушылар лигасына келіп түскен арыз-шағымның нәтижесінде дәлелденіп отыр. 157 жанар-жағар май бекетін тексеру кезінде олардың 35-інде бензин сапасының талапқа сай келмейтіндігі анықталған.
 
Сондықтан, аталған ұйым ресейдегі Мұнай және газ университетімен бірлесіп арнайы тест құрылғысын қолданысқа енгізді. Енді қазақстандық көлік жүргізушілер бензин сапасын өздері анықтай алады. Өткен жылы тұтынушылар құқығын қорғау лигасына 192 мыңдай арыз-шағым келіп түскен. Бәрінің құқы қорғалды. Мәселесі шешілді.
 
Қадырғали Танкиев, «Ұлттық тұтынушылар лигасы» Атырау облысы филиалының директоры:
Бұл үкіметтік немесе коммерциялық ұйым емес. Тұрғындар осы тұтынушылардың ұлттық лигасымен бірлесіп, осыған мүше болу арқылы бәріміз бірікенде ғана жұмыс жеңілдей түсетіні анық.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу