Сүйінші хабар! Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында бір отбасында төртем дүниеге келді. Сәбилердің анасы 28 жастағы Рабиай Шерметова- Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тұрғыны.
Жас келіншек облыстық №4 перинатальдық орталығында дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды. Дүние есігін ашқан үш қыз бен бір ұлдың денсаулығы қалыпты. Бұған дейін 1 баланы дүниеге әкелген Рабиай 28 жасында 5 ұл-қыздың анасы атанып отыр.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ