Тірі туған баланы көмуге берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тірі туған баланы көмуге берген

18.03.2014
Тірі туған баланы көмуге берген
Дәрігерлер жаңа туған нәрестені өлді деп есептеп, ата-анасына жерлеуге берген. Оқиға Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданында болды. Салмағы 960 грамдық қыз бала мезгілінен бұрын дүниеге келіпті.
 
Ешқандай тіршілік белгісі болмағандықтан медицина қызметкерлері оны өлдіге санап, қағаз қорапқа салып әкесіне береді. Баланың тірі екені арада бірнеше сағат өткенде, үйге келгесін анықталады.
 
Дереу ауруханаға қайтып әкелгенімен дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Шақалақ үш күннен соң жан тапсырды. Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. 
 
Гүлшат Байжұманова, Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Егер бала өлі туса, олар айтқандай, онда реанимациялық шаралар жасалмайды. Реанимациялық шаралар егер балада тіршілік белгісі болса ғана жасалады. Ұйымдастырушылық жұмысында, босанған әйелге емдеу-диагностика бойынша медициналық қызмет көрсетуде кемшіліктер болған. Әйелді босандырған акушерка жұмыстан шығарылды. Бас дәрігер мен оның орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды.
 
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу