«Байқоңырдан» «KazSat-3» жерсерігі ұшырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Байқоңырдан» «KazSat-3» жерсерігі ұшырылады

19.03.2014
«Байқоңырдан»  «KazSat-3» жерсерігі ұшырылады
Биыл 28-сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «KazSat-3» байланыс және хабар тарату геостационарлық спутнигі ұшырылады. 2017-2018 жылдары «KazSat-4» аппараты дайындалып, 2021 жылы әуеге көтерілуі мүмкін.
 
Өйткені, «KazSat-2» спутнигінің жұмысы сол жылы, яғни, 2021 жылы тоқтайды. Бұл туралы ғарыштық байланыстың 10 жылдығына арналған жиында айтылды.
 
Қазір «KazSat-2» еліміздің аумағында және Орталық Азия елдері мен Ресейдің орталық бөлігінде телевизиялық хабарларды таратуда.
 
2005 жылы бой көтерген заманауи жерүсті басқару кешенінің көмегімен ғарыш аппараты басқаралып отыр.
 
Бауыржан Құдабаев, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ вице-президенті:
«KazSat-2» 86,5 орбиталық орынға қойылды. Содан жұмыс істеп тұр. Ал, «KazSat-3»-тің  орбиталық нүктесі - 58,5.
 
 Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу