Астана Наурыз мерекесін тойлауға әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана Наурыз мерекесін тойлауға әзір

20.03.2014
Астана Наурыз мерекесін тойлауға әзір
Ертең Астанада Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойына арналған мерекелік шара Қазақ елі алаңынан бастау алады. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілепов айтты.
 
Мерекеге арналған негізгі іс-шаралар 21-22 күндері өтпек. Елордадағы әз-Наурызды мерекелеуге аймақтардан 350-ден астам өнерпаз келеді. Наурыз тойында қала бойынша 68 киіз үй тігілмек. Оның 40-ы Қазақ елі алаңында бой көтереді.
 
Жалпы, халықтық мерекені атап өтуге елордадағы барлық кәсіпорындар мен мекемелер және оқу орындары түгел атсалыспақ. Бұл күндері иісі түркі халықтарының ұлттық тағамдары әзірленіп, тойдың басты нышаны - наурыз көже дайындалады.
 
Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Астанадағы Наурыз тойын тойлауға қазынадан 150 миллион теңге қарастырылған.  
 
Болат Тілепов, Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
Екі күн толығымен іс шаралар өтеді. 21-і күні өңірлердің қатысуымен өтетін ауқымды ұйымдастырылды. Негізгі талап - халықтық мереке болған соң халықты қатыстыру.
 
 
Нұргүл  САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу