Амарант өсіруді жедел қолға алу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амарант өсіруді жедел қолға алу қажет

20.03.2014
Амарант өсіруді жедел қолға алу қажет

Амарант деп аталатын дәнді дақылды өсірумен айналысуды жедел қолға алған жөн. Бұл туралы Көкшетау қаласында өткен басқосуда  «Жасыл экономика үшін және G-Global-ды дамыту» орталығының өкілдері мәлімдеді.

 
Біріккен Ұлттар Ұйымы  амарантты ХХІ ғасырдың өсімдігі деп атап отыр. Украина, Польша, Ресей сияқты елдерде бұл дақылды өсіру шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Алайда, Қазақстан үшін тың жоба.
 
Орталық мүшелері тәжірибе ретінде әуелі амарант өсіруді ауылдық жерлерде жұмыссыз отырған әйелдерге ұсынуды жоcпарлап отыр. Ол үшін Ақмола облысы бойынша жиырма ауылды аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сол арқылы бұл шаруашылықпен айналысуға ниетті, қолынан іс келетін әйелдер іріктеліп, оларға өсіру технологиясы тегін оқытылмақшы.
 
Елена Чувашова , «Жасыл экономика үшін және G-globаl-ды дамыту» орталығының Ақмола облысы бойынша өкілі:
Амарантты кең көлемде пайдалануға болады. Оның дәнінен ұн дайындалады. Бидай ұнынан жасалған нан кейбір адамға аллергиялық әсер тудырады.  Ал, амаранттан дайындалған нанның адамға ешқандай кері әсері жоқ. Құрамында сегіз пайыз май болады. Жапырағы азық ретінде, малды семіртуге пайдаланылады.  Амаранттың бір гектарынан 38 ден 86 центнер астық алуға болады. Ыстыққа төзімді. Оның құрамындағы ақуыз сүттікінен көп. Адам денсаулығына да шипасы мол.
 
 
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу