Қостанайлық шебер ағаштан механикалық сағат жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық шебер ағаштан механикалық сағат жасады

27.03.2014
Қостанайлық шебер ағаштан механикалық сағат жасады
 
Қостанайлық шебер Николай Рудень таза ағаштан механикалық сағат жасап шығарды. Құрылыс колледжінде ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан оның негізгі мамандығы - ағаш ұстасы.
 
«Сағат жасау асқан дәлдікті қажет етеді. Сондықтан, ағаштан мұндай бұйым дайындау шеберлікті шыңдайды», - дейді Николай Рудень.
 
Ол екі жыл ішінде үш сағат жасап шығарды. Осылайша, өз туындысын жетілдіре түскен. Ағаш сағаттың тегершіктері салмақ салу арқылы қозғалысқа түседі. Яғни, ешқандай қуат көзін қажет етпейді.
 
Шебер өз бұйымын 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне қоюды жоспарлап жүр. Бірақ, ол үшін әлі де көп тер төгу қажет.
 
Николай Рудень, ағаш ұстасы:
Олар пәтерде, кеңседе тұрғанда ерекше сән береді. Адамға жайлы, жағымды әсер қалдырады. Сонымен қатар, уақытты да өте дәл көрсетеді. Экологиялық жағынан таза.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу