30 наурызда жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға депутаттар сайлауы өтеді. Еліміздің Сайлау туралы заңнамаларына сәйкес мұндай сайлау 1 жылда екі рет, көктемде және күзде ұйымдастырылады.
Биыл Алматы облысы бойынша 3 округте аудандық мәслихаттарға депутаттар сайланады. Райымбек және Жамбыл аудандарынан 7 үміткер тіркеліп отыр. Халық қалаулыларын сайлауға 9 мыңдай тұрғын қатыспақшы. Қазір жауапты науқанға дайындық шаралары тағы бір рет пысықталуда.
Шырақбай Жылқайдаров, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
3 округ бойынша 12 учаскелік комиссия жұмыс жасап жатыр. 9 мыңдай сайлаушымыз бар. Барлық үгіт-насихат жұмыстар аяқталуға жақын. Барлықучаскелердайын.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ