«Бекіре-2014» акциясы сәуірде басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бекіре-2014» акциясы сәуірде басталады

28.03.2014
«Бекіре-2014» акциясы сәуірде басталады

Сәуірден бастап Каспий бассейнінде балықтарды қорғау жұмысы күшейеді, яғни «Бекіре-2014» кең ауқымды акциясы басталады. Сол уақытта бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлері уылдырық шашады.

 
Сондықтан акция барысында браконьерлік фактілердің болуы мүмкін жерлерде стационарлық, жылжымалы бекеттер және жедел рейдтік топтар құрылады. «Жайық-Каспий» инспекциясын күшейту мақсатында басқа да мемлекеттік инспекторлар көмек көрсетеді.
 
Сонымен қатар, Кедендік бақылау бекеттерінде, әуежайлар мен вокзалдарда балық өнімдерін ел аумағынан шығаруға жол берілмейді. 
 
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу