Қостанайдағы «Нұр Отан» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы «Нұр Отан» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау өтті

31.03.2014
Қостанайдағы «Нұр Отан» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау өтті

Қостанайдың белсенді тұрғындары қаланы бұдан әрі гүлдендіріп, көркейтуге атсалысуды көздейді. Олар аймақта кенжелеп қалған спорт түрлерін дамытып, ойын-сауық орталықтарын ашуға ниетті.
 
 Енді біреулері туған қаласы туралы деректі фильм түсіріп, көпшілік назарына ұсынғысы келеді. Сонымен қатар, көшеге көрік беретін фотобаннерлер жасау, шағын бизнесті дамыту жолдарын жоспарлап жүргендер де бар.
 
 Көкейі осындай жарқын идеяға толы тұрғындардың бірнешеуі «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында болды. Олардың ұсыныс-тілектерін партияның қалалық филиалының төрағасы, яғни, қала әкімінің өзі тыңдады. Нақты жұмыс жоспарын дайындап келген азаматтарға қолдау көрсететінін жеткізді.
 
Бақытбек Сандыбеков, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
Бүгін 7 адам өтініш білдірді. Олардың айтқан мәселелері шешімін табады. Бұл – қаламызды көркейту үшін қолға алынып жатқан шара.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу