Қызылордада қала шетінде орналасқан тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, ерлі-зайыпты зейнеткерлер қаза тапты. «Тілсіз жау» бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында басталған.
Оны ауыздықтауға 15 өрт сөндіруші және үш техника жұмылдырылды. Өкінішке қарай, апат салдарынан 70 және 78 жастағы ерлі-зайыптылар ажал құшты.
Майысжан Ибрашев, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы:
Оқиға орнынан екі азаматтың мәйіті табылды. Қазіргі таңда өрт оқиғасына байланысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ