Ақмола облысы Атбасар ауданы Жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбдірашитов ірі көлемде пара алғаны үшін қолға түсті. Белгілі болғандай, Мариновка ауылының кәсіпкері өзінің шаруасын одан әрі дамыту мақсатында Әбдірашитовтен жер беруін өтінген.
Шенеунік бұл мәселені тез арада шешіп беру үшін кәсіпкерден 1 миллион теңге ақша сұраған. Келісілген мерзімде Әбдірашитов параны алмақшы болады. Алайда, оның арам ойы жүзеге аспай, Қаржы полициясының қолына түсті.
Асылхан Өтепов, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті тергеу бөлімінің бастығы:
Әбдірашитовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 4 тармағы бойынша іс қозғалды. Қылмыстық іс Атбасар аудандық сотына жіберілді.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ