Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салынды

11.04.2014
Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салынды
Қазақстан Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салды. Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
 
Оның айтуынша, аталған өнімдер санитарлық талапқа сай емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандарының мәліметінше, екі елден келетін құс етінде ылғалдылық  бекітілген нормадан үш есе артық.
 
Сондай-ақ, құс оралған орамдағы жапсырмада мемлекеттік тілде жазылған бір ауыз сөз жоқ. 
 
Ал, кейбір еттерде патогендік, яғни жұқпалы аурулардың қоздырғышы анықталған. Қазір Ресей мен Беларусь елдерінде бұл өнімдерді Қазақстанға жібермеу туралы ескерту жасалып, жағдайға байланысты жауап берулері талап етілді.  

Хабарламаларға жазылу