Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салынды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салынды (толығырақ)

11.04.2014
Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салынды (толығырақ)
Қазақстанға Ресей мен Беларусьтің құс етін өндіретін бірнеше кәсіпорындарының тауарларын тасымалдауға тыйым салынды. Беларусь елінің «Смолевичи Бройлер» мен Ресейдің«Приосколье», «Майкопский птицекомбинат» кәсіпорындары құс өнімдерінде ылғалдың массалық үлесін белгіленген нормадан арттырып жіберген.
 
СЭС мамандарының айтуынша, «Курский Агрохолдинг»«Урал Бизнес» және «Майкопский птицекомбинат» кәсіпорындары өнімдерінде мемлекеттік тілде таңбалау мүлде болмаған.
 
Марал Рахымжанова, Тұтынушылардың құқықтарын  қорғау агенттігі директорының орынбасары:
Аталған кәсіпорындар тұтынушыларды сапасыз өніммен қамтамасыз еткен. Құс өнімдерінде ылғалдың массасын белгіленген нормадан арттырып жіберген. Осыған байланысты барлық шаралар қолға алынды. Қазір ол қандай сұйықтық екені де анықталып жатыр. Себебі, мұндай сұйықтықтың белгіленген нормадан артуы адамдарды ішек ауруына шалдықтырып, денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу