Талдықорған әуе базасы жас ұшқыштармен толықты. Оқуын бітіріп келген 40 лейтенант ендігі қызметін 21751 әскери бөлімінде жалғастырады. Олар әскери ұшақтардың түр-түрін меңгеріп, ауа райының қолайсыздығында, күндіз де түнде де ұшып жаттығатын болады. Жалпы Талдықорған әуе базасының ұшқыштарынан құралған «Жетісу барысы» командасы республика бойынша ең үздік деп танылған. Олар жыл сайын Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге қатысып, көк аспанда түрлі жаттығулар орындап, мықтылығын көрсетіп отырады. Дәл қазір жетісулық ұшқыштар үлкен дайындық үстінде.
Ерлан Науанов, 21751 әскери бөлімінің командирі:
Біздің авиабазадан 12 ұшақ СУ27 ұшағымен біздің ұшқыштар қатысады. Және инженерлік-техникалық құрам. Біз Қарағанды авибазасынан ұшып, Астананың төрінде, Астананың көгінде 5 ұшақпен әр бір группадан ұшқыштардың жетістігін аққу сияқты қалықтап, аспанда көрсетеміз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ