Шымкентте соғыс ардагерінің үйін тонағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте соғыс ардагерінің үйін тонағандар ұсталды

14.04.2014
Шымкентте соғыс ардагерінің үйін тонағандар ұсталды
Шымкентте соғыс ардагерінің үйін тонағандар ұсталды. Олар көпқабатты үйдегі пәтердің есігін бұзып кіріп, бағалы бұйымдарды ұрлаған. Қолды болған заттардың ішінде майдангердің медальдары да бар.
 
Күдіктілер олжалаған заттарды  қаланың әр жерінде арзан бағамен сатқан. Сөйтіп, табыстарын өзара бөліске салыпты.
 
Қазір  осы қылмыстарды жасады, деген күдікпен 1990 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны қолға түсті. Тергеу кезінде ол өзінің екі сыбайласымен бірге 7 пәтер тонағанын мойындады. Келтірілген шығын көлемі 5,5 миллион теңгеден асады. Полицейлер оның сыбайластарын іздестіруде.
 
Болат Арыстанов, Еңбекші аудандық ІІБ аға тергеушісі
Қазіргі таңда қолға түскен Р. есімді азаматқа қатысты 7 факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іске қатысы бар екені анықталды.
 
Сәттар ЕСЕНБЕКОВ

Хабарламаларға жазылу