Алматыда Қаржы полицейлерінің ісі бойынша сот отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қаржы полицейлерінің ісі бойынша сот отырысы өтті

16.04.2014
Алматыда Қаржы полицейлерінің ісі бойынша сот отырысы өтті
Тәртіп сақшылары жазаға тартылуы мүмкін. Бүгін Алматы қаласының Түріксіб аудандық соты азаматтарға зорлық көрсеткен  полиция қызметкерлері - Бақытжан Қолдасбеков пен Медет Әкімханның ісін қарады.
 
Былтыр жәбірленуші Айдарбек Есенов пен Мақсат Керімбаев ұрлыққа қатысы бар екендіктерін өздері мойындап келген. Алайда, полиция бөлімінің қызметкерлері сұрақ-жауаптан кейін екі күн бойы оларды соққыға жыққан.
 
Жәбірленуші Керімбаев  резеңке таяқпен басынан ұрғанын, тіпті, тырнағына ине тығып, азаптағанын жеткізді. Сот-медициналық сарапатамасы қорытындысы Мақсат Керімбаевтың басы жарылып, қабырғаларының сынғанын анықтаған.
 
Ал, полицейлер болса өз кінәларын мойындамай отыр. Егер, сот полиция қызметкерлерін айыпты деп тапса, олар 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
 
Гүлмира Керімбаева, жәбірленуші М.Керімбаевтың қарындасы:
Олар қылмыстарын мойындап барған уақытта, ұрып-соғып қорқытқан.  Кейін білдік, Қаржы полициясының адамдары екен.  
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу