Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккендергеқызылжарлық полицейлер демеу білдіруде. Бүгін облыстық әкімшілік полиция қызметкерлері жол апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында шағын автобустың паровозға соғылуынан 4 бала қаза тапты, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Теріскейлік полицейлер бұл оқиғаға бей-жай қалмай қолдарынан келгенінше көмектеспек. Бұл шараға тәртіп сақшылары бұйрықпен емес, өз қалаулары бойынша келген.
Білім Тасболатов, СҚО ІІД әкімшілік полиция қызметкері:
Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері өз еркімен Павлодар облысында болған жол-көлік оқиғасында жарақаттанған балалар мен студенттер үшін қан тапсырдық. Қайтыс болған балалардың ата-аналарына, туған -туысқандарына көңіл айтамыз. Барлық жүргізушілерге жол жүру ережесін сақтауды ескертемін.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ