Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қазақша мазмұны реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қазақша мазмұны реттеледі

17.04.2014
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қазақша мазмұны реттеледі
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасында қазақ тіліндегі терминология ретке келтірілді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков кеше мақұлданған кодекс туралы әңгімелеп берді.
 
Депутаттың сөзінше қолданыстағы кодекстің қазақ тіліндегі нұсқасының кейбір тұстарының тұтас сөйлемдері жоқ. Сондықтан да соттарға орысша мәтін мен қазақша мәтінді үнемі салыстырып отыруға тура келеді.
 
Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен сөздер қабылданды. Сондай-ақ жаңа кодекске тергеу судьясы деген жаңа түсінік енгізіледі.
 
 
Дулает АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу