Қызылордалық сарбаздар судан уланған (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық сарбаздар судан уланған (толығырақ)

18.04.2014
Қызылордалық сарбаздар судан уланған (толығырақ)
Қызылордадағы 55/47 ішкі әскер бөліміндегі 52 сарбаздың жаппай улануына ауызсу себеп болған. Бұл туралы облыс бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылығы мәлімдеді.
 
Оқиға орнынан алынған алғашқы сынаманың қорытындысы  бөлімдегі судың сапасыз екенін көрсеткен. 
 
Тепсе темір үзетін жігіттердің аурухана төсегіне таңылып, дел-сал күй кешуіне әскери бөлімдегі ауызсу себеп. Мұны науқастар да, әскери бөлім басшылығы да айтқан болатын.
 
Бүгін облыс бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылығы оқиға орнында жасалған алғашқы сынамалардың қорытындысын негізге алып, бұл болжамды растады. Ауруханада ем қабылдап жатқан 27 сарбазға «жұқпалы ішек ауруы» диагнозы қойылды.
 
Мэлс Жұбатқанов, облыс бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:
27 сарбазға жұқпалы ішек ауруы» диагнозы қойылды. Ауызсудан табылған деп болжам жасауға мүмкіндік береді.
 
Осы жағдайға байланысты Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында судан және асханадағы ыдыстардан ішек таяқшалары анықталды.
 
Есжан Сыбанбаев, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры:
СЭС-тің қорытындысы бойынша ауызсудан, сол жердегі ыдыс-аяқтан, пышақтан, тақтайдан, сол сумен жуылған бұйымдардан да ішек қоздырғышы таяқшалары табылып отыр. 
 
Сарбаздардың барлығы дәрігерлер бақылауында. Аурудың ауыл тұрғындары арасында таралып кетпеуі үшін сақтық шаралары күшейтілген. Ал, әскери бөлімнің ішкі су жүйелері залалсыздандырылды. Мамандар басқа да сынамаларды зерттеуді қолға алып отыр.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу