АҚШ-тың Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласындағы сот отырысында атыс болды. Оқты бұзақы да емес, терроршы да емес, сот жасауылы жаудырыпты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, ол айыпталушыны жаралаған.
Себебі, 24 жастағы Сиале Ангилау сот залында куәгерлердің біріне шабуыл жасамақ болды. Сот қызметкері Ангилауға бірнеше рет оқ атты. Сөйтіп, ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Сиале Ангилау - ұйымдасқан қылмысқа қатысты тұтқындалған 17 күдіктінің бірі. Олар бопсалаушылық, тонау мен қарулы шабуыл үшін айыпталуда.
Мадина МҰҚАНОВА