Қытайдан заңсыз тауар тасымалдағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан заңсыз тауар тасымалдағандар ұсталды

23.04.2014
Қытайдан заңсыз тауар тасымалдағандар ұсталды
Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері ірі контрабандалық топты қолға түсірді. Олар Қазақстанға Қытайдан автокөлік бөлшектерін, киім-кешек және сантехникалық заттарды заңсыз тасымалдап келген.
 
Кедендік төлемдер мен салықтан жалтару үшін құжатта тауардың атауын, көлемін, құнын азайтып көрсеткен. Жалпы құны 1 миллиард теңге болатын тауарды Астанадағы бірнеше сауда нүктелеріне таратып та үлгеріпті.
 
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстық істі 45 жастағы Ресей азаматының ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 
Ерден Жұма, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бөлім бастығы:
Бұл азаматқа сот санкциясымен қамау түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылды.Одан басқа іс бойынша Қазақстан Республикасының екі азаматы және Ресей Федерациясының тағы бір азаматы күдікті ретінде танылды.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу