Жыл сайын дүниежүзі бойынша 2 миллионға жуық адам өндірісте қаза табады. Қазақстанда бұл көрсеткіш Еуропа елдерімен салыстырғанда 6-7 есе көп.
Бұл туралы бүгін «Kiosh-2014» атты халықаралық конференцияда айтылды. Жиынға 50-ден астам шетелдік және отандық компания өкілдері қатысып, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ тау-кен, металлургиялық кешен, химия өнеркәсібі, энергетика, көлік инфрақұрылымы, құрылыс салалары бойынша көрме ұйымдастырылып, келушілерге қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.
Серікқали Исатаев, ұйымдастырушы:
Биыл 4-рет осындай халықаралық конференцияны ұйымдастырып отыр. Көрмеде еңбекті қорғау саласындағы киімдер ұсынылған.
Индира БЕГАЙДАР