Ақтаудағы теңіз жаяу әскерінің қызметкерлері Астанадағы шеруге қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы теңіз жаяу әскерінің қызметкерлері Астанадағы шеруге қатысады

25.04.2014
Ақтаудағы теңіз жаяу әскерінің қызметкерлері Астанадағы шеруге қатысады
Теңіз жаяу әскері еліміз бойынша Ақтауда ғана бар. Каспий теңізінің жағалауын қорғау - әскери бөлімнің міндеті. Тапсырманы мінсіз атқарып жүрген әскерилердің әлеуеті бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай.
 
21 жастағы Сырым - Семейдің тумасы. Теңіз жаяу әскерінде азаматтық парызын өтеп жүргеніне 11 ай болды. Енді 3-4 аптадан соң туған жеріне оралады. Әскердегі темірдей тәртіп жас жігітті шыңдап, қандай жауынгерлік тапсырма болса да,  абыроймен орындауға машықтандырды.
 
Сырым Қазизов, қатардағы жауынгер:
Отан алдындағы борышымды теңіз жағасында өтеу арманым болған. 390-шы теңіз жаяу әскери бригадасы Қазақстанды қорғауға әрқашан дайын.
 
Бүгінде теңіз жаяу әскерінің әлеуеті жоғары. Зауанауи үлгідегі озық техникалар, қару-жарақтармен толықтай қамтылған. Жыл басынан бері 76 жалдамалы әскери қызметкермен келісімшарт жасалды. 700 адамға әскер қатарына шақырту жіберілді.
 
Жазира Әбіл, тілші:
Қазақ елінің қорғаны, айбыны мен айбары- әскер күші. Осы орайда, теңіз жаяу әскери бригадасының орны айрықша. Қазір мұнда 1000-ға жуық сарбаз Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүр.
 
Ерболат Толықбаев, №390 теңіз жаяу әскери бригадасы командирінің міндетін атқарушы:
Әскердегі материалдық-техникалық базаны жақсарту, әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын көтеру үшін мемлекетіміз көптеген игі істер жасап отыр. БТР, танкі сияқты қуатты техникалар саны жеткілікті.
 
Жеке құрамнан 90 адам мен қарулы әскери техникалар Қазақстан Қарулы күштерініңқұрылған күніне орай Астанада өтетін салтанатты шеруге қатыспақшы. Осылайша, еліміздегі жалғыз теңіз жаяу әскері Каспий жағалауын қорғауда айнымас тірек екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.     
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу