Шетелде тұратын әр қандасымыз еліміздің әр жетістігін мақтан тұтады. Стамбулда тұратын ағайындар осылай деді.
«Нұрсұлтан Назарбаев Астананы 16 жыл ішінде адам танымастай өзгертіп, халықаралық маңызды шешімдер қабылданатын орталыққа айналдырды. Бұл - батыл қадам», дейді ағайындарымыз.
Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстанда елге қайтуға ниет білдірген азаматтарға жасалатын жеңілдіктерді арттыру туралы шешім қабылданды.
«Бұл баяу жүріп жатқан көшті қайта жандандыратынына сеніміміз мол», дейді стамбулдық қазақтар.
Джелал Қаһраман, «Қазақ түріктері» қоғамының басшысы:
Қазақстан - қазір Орталық Азия елдері арасында көшбасшы мемлекет. Біз Түркия қазақтары бұған қуаныштымыз.
Абдуллах Гүлер, «Қазақ түріктері» қоғамының хатшысы:
Елбасына рахмет айтамыз. Астанамызды көріп, таңқаламыз.
Бақытжан ОМАР