Атбасарлықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасарлықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде

28.04.2014
Атбасарлықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде
Ақмола облысы Атбасар қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Бұл туралы аудан басшысы  Жомарт Жұмағалиұлы айтты.
 
Арнайы комиссия мүшелері  табиғат апатының салдарынан бүлінген 180 үйді тұруға жарамсыз деп қорытынды жасаған болатын. Баспанасынан айырылған тұрғындарға арнап қазіргі таңда 45 пәтерлі қос қабатты үйдің құрылысы басталды.
 
Сондай-ақ, 29 пәтерлі жатақхананы  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта тағы  екі көппәтерлі тұрғын үй салынады деп жоспарлануда.
 
Сондай-ақ, апаттан зардап шеккен тұрғындарға  гуманитарлық көмек көрсетілуде. Осы уақытқа дейін еліміздің 6 облысынан 20 жүк көлігімен киім-кешек, азық-түлік пен өзге де тұрмыстық заттар жеткізілді.
 
Жомарт Нұркенов, Атбасар ауданының әкімі:
Біз қазір қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз және халықтың қанша шығынға батқанын есептеу үшін комиссия құрдық. Комиссия зардап шеккен тұрғындарды аралап, шығындарын есептеп жатыр. Халықпен бірге жұмыс істеп жатырмыз.
 
Сондай-ақ, қарғын судан зардап шеккен жандар үшін қаржылай көмекте көрсетілмек. Осы орайда, елімізде «Жаңа үміт» қайырымдылық қоры құрылды.
 
Егер су тасқынынан зардап шеккен жандарға қолұшын беріп, демеп жіберемін деген азаматтар болса, экранда көрсетілген есепшөт нөміріне  қаражат аудара алады.
 
«Жаңа үміт» қайырымдылық қорының деректемелері:
KZ93319L010005620026
 БИН 130940005584
 КБЕ 18,КНП 119
БТА Банк АҚ Көкшетау филиалы
 БИК ABKZKZKХ
БИН 991141000421
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
 

Хабарламаларға жазылу