Қарқаралы тұрғындары мен мектеп оқушылары сақшылық қызметте жүрген бейбіт күннің батырларымен кездесті. Сондай-ақ, облыстық Ішкі істер департаменті жанындағы вокалдық және би ұжымы патриоттық тақырыпта концерт берді.
Шенді өнерпаздар белгілі ақын, композиторлардың шығармаларын орындап қана қоймай, өздерінің де авторлық дүниелерін ортаға салды. Көне шаһарда тұрып жатқан ішкі істер саласының ардагерлері де ұмыт қалмады.
Қарағандылық делегация олардың шаңырағына бас сұғып, сый-сияпат жасады. Қызмет барысында көзсіз ерлік танытқан ішкі істер саласының бірнеше өкілі бұл күні қаладағы №44 орта мектепте оқушылармен ой бөлісті.
Ақпараттық-насихат тобы бұған дейін де бірнеше аудандарда болып, «Қазақстан-2050» стратегиясында жүктелген елдік патриотизмді қалыптастыру бағытында біраз шаралар өткізді.
Әлнұр Манап, Қарқаралы қаласының №44 мектептің оқушысы:
Мұндай сабақтар бізді ерлікке, батылдыққа және өз елінің патриоты болуға дайындайтыны сөзсіз. Осы полиция саласында қызмет ету қайсарлықты, ұқыптылықты және адал қызмет етуді талап ететінін білемін.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ